– Бұл жердің шөбі қалың, қалағаныңша жей бер, – дейді ақкөңіл сиыр.

Сөйтіп, бо-и сиырдың жерінде уақытша қалып қояды.

Бұзау бо-идің көзін таппай, оны қадағалай бастайды. Ол оның көзінің тұяғында екенін біліп алады. Бұзау енесінің қасына шауып барып:

– Бо-идің көзі неге тұяғына біткен? – деп сұрайды.

– Бо-и демей, ағай деп айт! – деп, сиыр бұзаудың сауырынан жалап қойып:

– Дүние кең, әркім өз таңдауымен өмір сүреді. Сен енді ағайыңның шөп жеуіне кедергі жасама, – дейді.

Шөп жеп тұрған бо-и сиыр мен бұзаудың әңгімесін естіп, еріксіз көзіне жас алады.

Ол Нюйваға тағы жолығуға бел байлайды. Бо-и мейірімді сиырмен, оның қызық бұзауымен қоштасып, жолға шығады.

– Сен тағы келдің бе?! – дейді Нюйва. Ол сол баяғы бес түсті тасты әлі ерітіп жатады. Ол бо-иден:

– Бұл жолы көздеріңнің қайда болғанын қалайсың? – деп сұрайды.

– Меніңше, артқы бақайда болғаны дұрыс сияқты. Мен алдыңғы аяғыммен тебісуім керек, – дейді бо-и.

– Жарайды, қайта бер, – дейді Нюйва.

Бо-и сиырдың мекеніне қайта барғысы келмейді. Сиыр оны қашанда жылы жүзбен қарсы алады, оның бұзауы да өзін ұнататынын біледі. Қанша дегенмен де, мекен солардікі. Ол бірден өз жеріне қарай тартады.

– Менен жеңіліп қалып едің ғой, ақымақ! Меннен таяқ жегелі келдің бе? – деп ақырады бұғы.

– Жайылымымды қайтар, қарақшы! – деп бо-и тебініп, бұғыға қарай тұра жүгіреді. Соғыс осылай басталып кетеді.

Бұл жолы бо-и алдыңғы екі аяғымен қарымды тойтарыс жасайды. Артқы тұяқтағы екі көзімен қарсыласының әр қимылын анық байқап тұрады. Алдыңғы және артқы аяғы өте жақсы үйлесім тауып, айқас тартысады.

Купите полную версию книги и продолжайте чтение
Купить полную книгу