Кілт сөздер: фитогормондар, қоректік орта, in vitro, микрокөбейту

Summary: Develops many areas of practical research in modern biology that can involve students in the school curriculum. Familiarity with the practical technologies of growing and caring for plants will allow students to expand and deepen their knowledge, conduct their own research within the framework of design and research activities, and take the first steps in science.

Keywords: biotechnology, phytohormones, nutrient media, in vitro, microcobate, clone.

Биологияның білім беру бағдарламасында «Биотехнология» бөлімі жаратылыстану ғылымдарына жатады. Биология мен биотехнология өзара тығыз байланысты. Дегенмен оқушылар биотехнология саласындағы микроклондық көбейту тәсілдерін жетік меңгере бермейді. Сондықтан биотехнология саласының ең өзекті зерттеу оқушыларға өсімдіктерді микроклондау технологиясын үйрету және жаңашыл ұғым мен білім сапасын қалыптастыру, ойларын және тәрбиелеу танымдықтары мен қабілеттерін кеңейтуге, оқушылардың зерттеу қызметтері мен іздену практикасын жұмыстар арқылы меңгеруге білім үрдісін жетілдіру мақсатында оларға түсіндіру. Мәдени өсімдіктерді қорғау мен микроклондау технологиясын үйрету заманауи биологиялық әдістер, биотехнологияның жаңа әдістерін, жаңа организмдер құру немесе бұрыннан бар жасуша қасиеттерін өзгертуге арналған тәсілдерді практика жүзінде меңгеру.

Биотехнология білім саласы ретінде соңғы уақытта қарқынды дамып келеді, өнеркәсіп көптеген негізгі мәселелерді шешуге арналған жүйеде тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заман адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты жетілдіретін технология. Қазіргі биологиядан мектеп бағдарламасында оқушыларды қатыстыра алатын практикалық зерттеулердің көптеген бағыттарын әзірлейді. Өсімдіктерді өсіру мен күтудің практикалық технологияларымен танысу оқушылардың білімін кеңейтуге, тереңдетуге, жобалау-зерттеу қызметі шеңберінде өз зерттеулерін жүргізуге, ғылымдағы алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты оқушыларға лабораториялық жағдайда микроклондау технологиясын үйрете отырып, оқушылардың биотехнологияға деген қызығушылығын дамыту. Осыған байланысты бірнеше міндеттер қойылды: Биотехнологияның заманауи әдістері жайында түсінік беру, өсімдіктердің микроклоналды көбею технологиясын меңгерту, өсімдіктердің генофондын сақтауға арналған биотехнология әдістерімен таныстыру.

Лабораториялық жағдайда бірнеше зертханалық жұмыс көрсете отырып оқушылырға өсімдіктерді микроклональды көбейту технологиясымен таныстырамыз. Жұмыстың мақсаты көбейтетін материалды теориялық және практикалық негіздерін және оны өсімдік биотехнологиясында практикалық қолдануды зерттеу болады. Қоректік ортаны дайындаудың, өсімдік материалын таңдаудың, in vitro әдісімен өсіруге материалды дайындаудың, жасуша дақылдарының өсуі мен дамуына жағдай жасаудың практикалық ережелері мен әдістерімен танысуымыз керек. Қоректік ортаға жасуша материалын отырғызуды жүзеге асырып және олардың дамуын қамтамасыз етеміз. Ғылыми әдебиеттердің, бейнематериалдардың көмегімен клондау технологиясы, қоректік ортаны дайындау, отырғызу материалын іріктеу, дайындау, зарарсыздандыру құрамы мен ережелері зерттеледі. Барлық қажетті материалдар мен жабдықтардың жиынтығы дайындалады [34].

Жұмыстың бірінші кезеңі Мурасиге мен Скуга ортасының құрамына сәйкес өсімдіктерге қажетті барлық микроэлементтер, дәрумендер, көміртегі мен энергия көздері, өсу стимуляторлары бар аналық ерітінді дайындау болды. Химиялық зертханада электронды таразылардың көмегімен мен компоненттердің әрқайсысын 0,5 литр аналық ерітіндіге өлшеп, тазартылған суда ерітіп, әр композицияны біртіндеп ерітіндіге қосып дайындалады.