Жұмыстың екінші кезеңі агар-агар негізіндегі өсіру ортасын дайындау және оған аналық ерітінді, өсу стимуляторлары және ортаны зарарсыздандыру болды. Алынған ортаны мен стерильді Петри табақтарына, колбалар мен түтіктерге құйып, оларды бұрын су ваннасында қайнату арқылы зарарсыздандыру. Осылайша, өсімдіктерді одан әрі отырғызу үшін қоректік орта дайындалады. Дайындалғаннан кейін ағынды суда сабынмен жуылған және отырғызуға дайындалған орталар сутегі асқын тотығының ерітіндісіне батырылды, 10 минут ұсталды және тазартылған суда үш рет жуылды. Зарарсыздандырудан кейін стерильді скальпельмен бөліктерді бөлек бөліктерге бөлді. Тіндердің бөліктері мен жүзімнің көздері стерильді қоректік ортаға Петри табақтарына, колбаларға және түтіктерге орналастырылды. Осыдан кейін барлық экспонаттар одан әрі дамыту үшін жылы, жарықтандырылған жерге қойылады.
Өсімдіктер материалдарын, қоректік орталарын, зертханалық ыдыстар мен құралдады стерилизациялау әдістерімен таныстыру. Сабақтың жоспары және қысқаша мазмұнына тоқталамыз. Өсімдіктердің жекеленіп алынған мүшелерін, ұлпаларын, жасушалары мен протопластарын жасанды жағдайда сәтті өсіру үшін, ортаның стерильдігінің қамтамасыз етілуі қатты қадағалануы қажет. Себебі, өсімдіктердің ұлпалары мен жасушаларын өсіруге арналған қоректік ортада, басқада микроорганизмдердің өсуіне мүмкіндік туылып, бұл өз кезегінде мақсатқа жетуге кедергі келтіруі мүмкін. Бөгде микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде, қоректік ортаның құрамы өзгеріп кетуі мүмкін. Бұдан басқа басты кедергі-өсімдіктерден бөлініп алынған ұлпалары мен жасушалары, әсіресе протопластары, бөгде микроорганизмдермен оңай бөлінеді. Сондықтан, өсімдіктерден жекеленіп алынған мүшелері, ұлпалары, жасушалары мен протопластарымен жасалынатын барлық тәжірибелер ламинар-боксте жүргізіледі. Осы мақсатта бокс, құрал-саймандар, ыдыс-аяқ, өсімдік материалдары, қоректік орталар, мақта тығындары сияқты тәжірибеде қолданылатын барлық заттар тегіс стерильденуі қажет. Стерильдеу жұмыстарының барысы мен реті төменде беріледі.
Стерильдеу алдында пробирка, құтылар (колбалар) мақта тығынымен тығындалып, арнайы қағазбен оралады. Дайындалған ыдыстарды кептіру шкафына салып, +175°С температурасында 2 сағат ұстайды (қажетті температураға жеткеннен кейін). Осындай қыздыру нәтижесінде бактериялармен бірге, олардын споралары да қырылуға мәжбүр болады. Кептіру шкафындағы температураны +175°С -тан асырудың кажеті жоқ, себебі ол мақтадан жасалынған тығындардың қарайып, орағыш қағазының күлдіреп сынуына алып келеді.
Автоклавта ыстық буды жоғары қысыммен әсер ету арқылы, кептіру шкафындағыдан да жоғары стерильдеу нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Өйткені, микроорганизмдер мен олардың спораларына жоғары қысымды ыстық бу, кептіру шкафындағы ыстық құрғақ ауамен салыстырғанда өте жоғары әсер етеді. Автоклавирлеуге қақпақты стакандар, Петри тостағы, пипеткалар, дистилді суы бар құтылар қойылады. Ыдыстарды фольгаға немесе арнайы қағаздарға орап, автоклавта 2 атм. кысымда 25—30 минут аралығында ұстайды. Өлшемді (градурованный) пипеткаларының жоғары жағы мақта төсенішімен (прокладка) жабылып, пипетка тобы 10 данадан қағазға оралады.
Құрал-саймандар. Скальпель, пинцеть, инелер сияқты зертханалық кұрал-саймандарды кептіру шкафындағы температураны +140>сС-та 12 сағат бойына құрғақ ауамен қыздыру арқылы стерильдейді. Іскектерді қайнату арқылы стерильдеу ыңғайлы. Металдан жасалған заттарды автоклав арқылы стерильдеуге болмайды, өйткені, бумен әсер ету нәтижесінде оларды тез тот басады және өткірлігін жоғалтады. Мұндай заттарды екпе жұмыстары басталар алдында, фарфор стақанына құйылған 96%-дық этиль спиртіне салу және спиртті білтелік (спиртовка) жалынында ұстау аркылы қосымша стерильдейді. Жалында ұстап қыздыру арқылы ланцеттер, пинцеттер мен микробиологиялық түйіндерді (петля) стерильдеуге болады. Осындай жолмен тазаланған әрбір құрал алдын-ала стерильденіп, дайындап қойылған тығыз қағаздар арасына немесе арнайы штативке салынады. Стерильденген құралдар бір рет кана манипуляцияларда қолданылады. Әрбір қолданыстан сон оларды қайталап спиртте және жалында қыздыру арқылы стерильдеп отыру қажет. Өте жұқа құралдар (инелер, алмас бөліктері) отта өзінің өткірлігін жоғалтуы себепті, оларды спиртке салу арқылы стерильдейді.