2. Ағашқа өрмелеу2 арқылы аспанға көтерілу. Ағаш аспанмен тілдесіп жатады. Тек ағашқа өрмелей алсаң болды, аспанға көтеріле аласың. Оның ешбір қыр-сы-ры жоқ, меңгеруді қажет етпейді. Өйткені сол заман-да адамдардың бәрі ағашқа өрмелей алатын болған. Адамдар тік жүруді кейіннен үйренді. Одан бұрын адамдар маймыл сияқты ағаштың басында тіршілік еткен. Адамдар үйді ағаштың басына салып алатын,оны ағаш үй деп атаған.

Аспанға көтерілу үшін баспалдақтар орнатылған.

Ағашқа өрмелей алмайтындар баспалдақпен кө-теріле алады, ал баспалдақпен көтерілуге қорқатын-дар ағашпен көтеріледі (Жел соққан кезде арқан мен ағаштан жасалған баспалдақ тербеліп тұрады, ал шөп баспалдақ жаңбыр жауған кезде тайғақ болады).

Ал осы екі баспалдақпен жүре алмайтын болсаңыз,баспалдақтың қасына барып, Құдайды күтсеңіз бол-ды, ол өзі аспанға ала кетеді. Ол заманда қазіргідей көп ереже мен қағида болған жоқ. Құдай адамдарды еш кедергісіз көкке алып кете беретін.

Құдайлар адам жасаған кейбір жергілікті өнімдерді аспанға алып кете алған, бұл контрабандаға жатпай-тын.

Кейбір Құдайлар шаш қыстырғыш, сырға, алқа,білезік және шам сияқты қолдан жасалған нәрселерді жақсы көретін. Бұл заттардың ең үлкен ерекшелігі – тез тозады не тез сынып қалады. Құдайдың заты оңайлықпен сынбайды, тек жалықтырып жібереді. Олардың тарағы тозбайды, жүздеген жыл қолдануға жарай береді. Ал адамдар жасаған заттар тез тозады,оның орнына жаңасын алуға тура келеді. Ескінің ор-нын жаңа басады деген осыдан қалса керек. Не десек болады: Құдай да жаңа нәрсені ұнатады.

Аспандағы заттарға қарағанда жердегі заттар ар-зан келеді.

Сол себепті Құдайлар жерге түсіп, өздеріне керекті заттарды сатып алып қайтады.

Кей пысықтар жердегі заттарды аспанға апарып,ал аспандағы заттарды жерге әкеп қымбатқа сататын.

Сондықтан кейбір көктен келген заттар уақыт өте келе таптырмас қазынаға айналды.

Бұл қазына пейілі түзу адамның қолына түссе жақ-сы, өйткені олар ашкөз болмайды. Ал қазына пиғылы жаман адамдардың қолына түсе қалса, олар одан бетер ынсаптан айырылып, мыстан, құбыжыққа ай-налып шыға келеді. «Батысқа саяхаттағы» құбыжық,мыстандардың көбі осындай жаман адамдардан өз-герген. Олар көп сиқырлы қазынаға ие болған соң, құ-быжық, мыстанға айналып шыға келді.

Сауда алғаш Шан дәуірінен басталды, саудагер де-ген сөз сол кезде пайда болды.

Шан дәуірінде сауда қалай пайда болды десеңіз,Шан жерінде аспанға көтерілетін жолдар басқа жер-лерге қарағанда көп еді. Баспалдақтар да жиі кезде-сетін.

Адамдар аспанға алғаш көтерілген кезде тартын-шақтап, қорқатын еді.

Қанша дегенмен, аспан мен жердің айырмашылығы жер мен көктей болатын.

«Айырмашылығы жер мен көктей» деген сөз осы-дан қалса керек.

Адамдар аспанға көтерілген кезде қорқақтап, көп жүре бермейтін болған, тіпті дауысын шығарып, қатты сөйлеудің өзіне жасқанатын.

Аспандағы алтын діңгекті көрген кезде «алтыннан жасалған екен» деп көрсетпей сипап қоятын.

Олар жерге түсіп қалған жалпақ шабдалыны жеуге батылы бармайтын, өйткені «оны жеп қойса мәңгі жа-сайды, өлмейтін болады» деп ойлаған.

Сол заманда «Құдай ғана мәңгі жасайды, адамға мәңгі жасауды жазбаған» деген түсінік болған. Егер адам мәңгі өлмейтін болса, ол әулие болып, Құдайға айналар еді, тіпті болмаса… жарайды, қалай деуге болар екен? Әу-лие деңгейіне көтеріліп, Құдайға айналу оңай емес. Адам-нан Құдайға айналу шынымен қиын. «Бұл жәннатқа кір-геннен де қиын» дейтіндері сол ғой. Ол үшін халық ұсы-нуы, сынақтан өтуі керек. Бұл жерде емтихан ғана емес,тексерулер, түрлі сынақтар, ұзақ уақыт бақылаудан өту қажет. Қысқасы, оңай емес. Егер адам әулиелік дең-гейге жетіп, Құдай дейтін мәртебеге ие бола алғанымен (жасыл картаға ұқсас), Құдай сияқты өлмей қойса, жұрт ондайларды «Өлмейтін, кәрі қақпас!» деп сөгіп жатады. Сөйтіп, ақыры өлмей рухқа айналып кетеді.