«Пиязды қандай ұзындықта кесу керек?»
«Тофуды қуыру керек пе?»
«Тұз салғыш қайда?»
«Қаншалықты тұз салу керек?» Мұның бәрі ол үшін шынымен де қиын!
Құдай тамаша табиғи гүлзарбақты, табиғи көркем көлді, әдемі табиғи самалдықты лезде жасай салады. Бірақ сіз одан орындық жасауды өтінетін болсаңыз: «Осы орындықтың сирағын теп-тең етіп кескенді біле алмай-ақ қойдым, кесе-кесе жоқ қылатын болдым» деп қайран болады…
«Орындықтың сирағы мен бетін шегесіз қалай тұрғызуға болады?»
«Мынау орындық неге тербеле береді?» Құдайдың өзі жасаған орындық шынымен де мықты болмайтын.
Сол заманда Құдай адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнататын.
Тіпті қызық болатын.
Адамдар үшін қарапайым дүниелер Құдай үшін таңғажайып нәрсе болып көрінетін.
«Тастан да гүл оюға бола ма? Қалай оюға?»
«Күріштің өзін жеуден өзге, одан талқан жасау-ға, торт жасауға болады екен… иісі қандай кере-мет!..»
«Жастыққа бастарың тисе болды ұйықтайсыңдар,оның сыры неде?»
«Ағаштың жапырақтарынан желдеткіш жасауға болады екен. Қандай ғажап!» деп таңданып-тамса-натын.
Ол заманда адамдар мен Құдайлар бірін-бірі баға-лайтын, бір-біріне сүйсінетін, бір-бірімен араласатын,тату-тәтті өмір сүрген.
Кей адамдар қызық көріп, аспанға шығып қыдырып қайтатын болған.
«Аспанға көтерілгеннен де қиын болды» дейтін сөз кейін пайда болды.
Ол заманда аспанға көтерілу тауға шығудан қиын болған жоқ. Өйткені тауға шықсаң, улы жыландарға,жыртқыш аңдарға кез болуың мүмкін. Кейде адасып қаласың, кейде лай-көшкін болуы мүмкін. Ал аспанға көтерілу қауіпсіз әрі жылдам.
Біз басында айтып кеткеніміздей, аспан мен жердің арасы бүгінгідей алыс емес болатын.
«Аспанға бірден көтеріле салдық» дейтіндер аспанға барып көріп келгендер. Олар сыйлыққа аспаннан жұлдыз ала келетін. Олар оны аспандағы арнайы жұлдыз сататын дүкеннен әкелетін. «Аспанның есігі айқара ашық жатыр, онда күзет тұрмайды,кіре бересің… Бірақ ішетін су алып алғандарың жөн. Аспаннан келген балшырын… өте қымбат, дәмді емес,сиырдың тезегіндей иісі бар. Аспандағы балшырын (gаn lu)1… өте қымбат, оның үстіне дәмі де жақсы емес,біртүрлі күлімсі иіс шығады» дейтін аспанға көтеріліп келгендердің бірі.
Ол балшырынды, шын мәнінде, аспанға жерден таситынын білмейді.
Балшырынның қымбат болатын себебі – оны жинау өте қиын. Оны жинаудың қыр-сырын білетін адам түн жарымына дейін ұйықтамай, көк шөптің қасына барып, шықтың пайда болғанын күтеді. Таң ата шық пайда болған кезде сол таза шықты таза ыдысқа жинайды, мұны күн шықпай істеу керек. Көп шықтың ішінен ең тазаларын жинап алады. Оның үстіне, оны тасымалдаудың өзі қиын шаруа. Өйткені тап-таза шық көбінесе шалғайдағы таулар мен ормандарда немесе жолы қиын жерлерде болады. Оның үстіне шықты ат атысымен жинап, күн шықпай тұрып жеткізу керек. Таза шық күннен ұялатын сияқты, күнді көрген заман жоқ болып келеді. Сондықтан тасымалдауға көп жұмыс күші, материалдық ресурстар, қаржы ресурстары керек. Сонымен қатар оны сақтаудың да өзіндік қиындықтары бар. Аспанға тасымалданатын балшырындарды өңдеуге тура келеді. Өңдеудің құпия рецепті бар, құпияны ашуға болмайды. Балшырынды мұздатуға, тым ыстық ұстауға болмайды, оны бүркеп тастауға, не мүлде ашып тастауға да болмайды. Оны бірден ішу керек, болмаса тұрған сайын қоюланып,біртүрлі күлімсі иіс шығып кетеді.
Адамдардың аспанға көтерілу жолы көп бол-ғанымен, мынадай бірнеше түрлі әдісі бар:
1. Аспанға баспалдақпен көтерілуге болады. Баспалдақтың екі түрі бар, бірі шөптен жасалған баспалдақ, екіншісі ағаш баспалдақ. Ағаш баспалдақ ағаш пен арқаннан жасалған былқылдақ баспалдақ. Шөп баспалдақ дегеніміз – ағаш жапырақтарынан жасалған баспалдақ. Адамдар жапырақты басып,аспанға көтеріледі.