– Хош бол, қозғалатын тау! – деді әлгі құстың жартысы.
– Хош бол, жүре алатын ағаш! – деп қала берді әлгі құстың қалған жартысы.
Куафу күншығысты бетке алып, крабты іздеп кете барды. Ол жол-жөнекей талай кемтар адамдар мен жануарларға жолықты. Оның бәрі алып крабтан зардап шеккендер еді. Куафу қатты қапаланды. Оның алып крабты ұстауға деген сенімі арта түсті. Ол оны ұстап, көп адамдардың, жануарлардың оның кесірінен кемтар болып қалмауына көмектескісі келеді.
Ол жол бойы крабтың қандай лаң салғанын ет құлағымен естіп, көзімен көрді. Бірақ краб Куафуға жеткізбей қашып кетіп отырды.
Куафу сонда да алған бетінен қайтар емес.
Ол дамылсыз жүріп келеді.
Куафу шаршаған шақта ағашты таяқ қылып жүреді.
Бұл таяқтың тағы бір қажеті бар, ол алып краб бір жерде жасырынып жатпасын деп, кез келген жерді таяқпен нұқып көріп келеді.
Куафу тумысында мұндай таңғажайып құбыжықты көрген емес!
Оның кейпі шошқаға ұқсайды, бірақ екі басы, төрт аяғы бар екен. Бейне екі шошқа дерсің. Оларды құбыжық дәл ортасынан жұлып кеткен, яғни денесінің арт жағын жеп қойған. Тек олардың алдыңғы бөлігі қалған. Сол себепті екеуі бірігіп, бір бүтін болған екен.