– Иә дұрыс айтасың, – деді Ер тісін қайрап. – Біз бабамызды құтқар-уымыз керек. – Ойланып барып:

– Бауырлар, ежелгі дәуірден жеткен «Алып Ер Тоңға» дастан-ындағы мына жолдар естеріңде ме:

Алып Ер Тоңға келеді,

Жүз мың әскер ереді,

Оған Би мен Нар қосылады:

Жүз мың жебе кереді,

Жер қайысқан қол еді.

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан,

Қаһарын жауға таратқан

Көк тәңірінің ұлы еді!

– Кәне, бауырлар, – деді Ер бауырларына кезек-кезек қарап. – Сағатымызды көне дәуір – біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурызына туырлайық.

Үшеуі де жеңдерін ысырып, «Кеңістік сағаттарының» айналарын бас-қылайды. Содан кейін оң қолдарын кеуделеріне қойып, ұран-дарын екпінмен айтады:

Біз – Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік – басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! —

Үшеуі де сағаттарының түймесін сырт еткізіп басып қалады.


***

Біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурыз айы. Парсы елінің Нейнәва қаласының маңындағы басы жайпақ, ат шаптырымдай жазық кең жота. Алып Ер Тоңғаның қалың әскері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау үстінде. Көк жотаның бір қанат-ында күрес, жамбы ату, садақ тарту, тағы басқа сайыс өнері қызу жүріп жатыр. Сай жақтан көкпаршылардың қиқу салып даурыққан дауыстары естіледі. Жонның екінші қанатында қазан-қазан ет асылып, көже қайнатқан, саба-саба қымыз піскен қызылды-жасылды киінген әйелдер.

Жасыл жонның орта тұсындағы мереке үшін арнайы тігілген еңселі, кең асырда1 да думан қызған. Үсті мол тағамнан қайысқан үлкен дастарқанда төңіректегі тайпа көсемдері мен ақсақалдар, билер мен қол-басшылар жайғасқан. Төрдегі кең иықты, еңселі, алып денелі кісі өзгелерден ерекше көрінеді. Бәрі ақ сақалды, ақ киімді бір күйшіні ортаға алып, соның қобызбен егіле тартқан күйін қорғасындай балқып, қымыз ішіп балбырап тыңдау үстінде. Үздіге-создыға шыққан күй әуені қай-қайдағыны еске түсіріп, жауыгерлерді бір күрсінтіп алып еді. Жүректі езген көне күй буырқанып аяқталғаны сол еді, іштегі-сырттағы жауынгерлер: «Ой, бәрекелді, күйші ата! Туған елді еске түсіріп, бір жасап қалдық қой!» деп, қошемет сөздерін жаудырды. Лепес, тілектер сұйыла бергенде ішке бас күзетші кірді. Ол төрдегі алып денелі әлгі кі-сіге қарап тұрып:

– Хан ием, қияндағы жұрттан келген үш бозжігіт Сіздің алды-ңызға кіруге рұқсат сұрайды. Қалай бұйырасыз? – деді басын иіп.

– Рұқсат, кірсін.

Бәрі есікке қарап елеңдей қалған. Ер, Би, Нар аяқтарын кібіртік-теп басып ішке кіреді.

– Кәне, бұл жігіттерге көже құйыңдар!

Үш даяшы оларға бір-бір тостақтан көже ұзатты. Үшеуі ыдыс толы ұлыс көжені бір деммен төңкере ішіп, босаған тостақты қайтып берді.

– Бәрекелді! Ұлыстың ұлы күні жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын деген. Ал, енді бұйымтайларыңды айтыңдар.

Үшеуі бірден:

– Хан ием! Бізді өз қосыныңызға қабылдап алуыңызды өтінеміз. Сізге адал қызмет еткіміз келеді! – деді.

Бәрі күліп жіберді. Алып кісі:

– Сендерді «қияндағы жұрттан» дегенге, өзге елден келген жатжұрттық екен десек, түркіше сөйлегендеріңе қарағанда, өз тума-мыз екенсіңдер ғой. Қандай өнерлерің бар?

– Ән айтып, күй тартамыз… Ым…

Іштегілер қыран-топан күліп жатыр.

– Ал, жауынгерлік өнерлерің ше?

– Садақ ату, қылыштасу, күрес…

– Кәне, үшеуіне иақ беріңдер!

Үш қарашы үшеуіне оғымен үш мүйізді садақты ұстатты.

– Сырттағы, жамбыларды көрдіңдер ме?

Балалар арттарына қарап алып, бастарын изеді.

– Соларды атып құлатыңдаршы!

Үшеуі садақтарын оқтап, адырналарын жайлап тартып, жамбы-ларды асықпай, ыждахаттылықпен көздеп, атып қалады. Бірақ үшеуінің де оғы жамбыға тимей, жанай өтеді.

– На-ша-ар! Кәне, енді біздің жігіттерді шығарыңдар.

Ортаға үш жігіт шығады да, оқтаулы жақтарын бірден көтеріп, көздемей атып-атып жібереді. Үш оқ «зу-у» етіп, жамбыларды қағып түсіреді.