Бұл ертегі емес, сәттілік емес, фортуна емес, ешқандай ғажайыптар жоқ, біздің миымыз, санамыз осылай жұмыс істейді және біз қандай жағдайларды бақылайтынымыз осыған байланысты. Ал оны қалай қолданатынымыз өзімізге байланысты.
Біздің санамызбен жұмыс істеу үшін және тізгінді ақыл-ойымызға бермей-ақ оны барынша тиімді пайдалануды үйрену үшін өткенді қазып жатудың қажеті жоқ. Неліктен бізде мұндай үлгілер бар, неге мұндай бағдарламалар бойынша өмір сүріп жатырмыз, бұл қорқыныштар қайдан пайда болады деп іздеудің қажеті жоқ. Мұны шексіз рет жасауға болады, және мұның бәрін тауып, қайта ойластыру үшін өмірдің өзі жеткіліксіз.
Оның оңай жолы бар – «осы жерде және осы сәтте», қазіргі сәтте біз үшін материалдық шындықты қалыптастыратын ойлау шаблондарын тауып, оларды өзгерту.
Әрине, мұндай шаблондардың миллионы бар, кез-келген нәрсе туралы кез- келген ұғым – шаблон болып табылады. Біздің масатымыз басымыздағы барлық ұғымдарды анықтау және өзгерту емес. Бұған бүкіл өміріріміз де жетпейді.
Біздің ең айқын ойлау үлгілеріміздің негізгілерін қайта қарастыру жеткілікті. Мен бұл сыни массаның қандай баламада екенін нақты айта алмаймын, бірақ өмірде «граммен өлшейтін» адамдар үшін бұл, менің тәжірибем бойынша, шамамен 300—400 шаблон болады.
Біз саналы және бейсаналық өмірімізде осы үлгілерді құрастырып келеміз, және менің кеңесім – қазір осы үлгілердің барлығын тап қазір өзгертуге тырыспаңыз, кем дегенде бір-екі жыл уақыт беріңіз. Бұл екі жыл үлгілерді өңдеуге жеткілікті.
Баяу және мән-жайларға қарай әрекет етіңіз, шешу үшін бір тапсырма немесе бір тілегіңізді алыңыз, бірнеше ондаған шектеулі сенімдерді анықтаңыз да олармен жұмыс жасаңыз. Біреуімен жұмыс істегеннен кейін, сізде жанама түрде бір үлгіге байланған ондаған басқа сенімдер автоматты түрде қайта құрылады.
Менде тағы бір керемет жаңалық бар – бір мәселені шешкен кезде бізде ондаған басқа мәселелеріміз қатар шешіледі, өйткені тіпті бір үлгі біздің барлық басқа мәселелеріміз бен тілектерімізге ілесіп жүреді.
Бірнеше ондаған шектеу бағдарламалары немесе ойлау үлгілерінің кесірінен біздің бірнеше ондаған тілектеріміз орындалмай қалды. Біз бір салада бір нәрсені шеше бастағаннан кейін, басқа салаларда да бәрі өзгере бастайды.
Ойыңызды кеңейту, көп нәрсені көре бастау, әлемге тар көзбен қарамай, біздің әлемге кенеттен келе бастайтын жаңа мүмкіндіктер мен біз оларды тиімді пайдалану үшін берілген ресурстарды шексіз байқай бастаудың қаншалықты керемет екенін елестетіп көріңізші.
Естеріңізге сала кетейін, бұл ресурстардың, мүмкіндіктердің барлығы бізде әрқашан болды, бірақ біз оларды шектеулі сенімдерімізге байланысты байқамадық, сонымен қатар біздің тілектеріміз де орындалды, біз оларды да, мүлдем керек емес қырларына назар аударам деп, байқамадық.
Мысалы, біздің алдымызда қабырғаға ілулі тұрған сурет бар, бірақ біз оны көре алмаймыз, өйткені оның алдындағы экран бүкіл көріністі жабады. Біз оны көру үшін экранды бір жаққа алып тастауымыз керек. Шаблондармен де, дәл солай, олар біз үшін көз алымыздағы панораманы жабатын «экран».
4. ТАРАУ. «ОСЫ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ОСЫ СӘТТЕ»
Бұл тарауда мен трансформация тақырыбы бойынша емес, бізге өте қажет және мүмкіндігінше маңызды тақырып бойынша өте маңызды ақпарат жазғым келеді. Сіз қазір бәрін өзіңіз түсінесіз.
Әңгіме «осы жерде және осы сәттегі» маңызды күйіміз жайлы және біздің санамыз бізді осы күйден қалай алыстататыны туралы болады. Ақылымыз бізді осы күйден алыстатпауы үшін біз оны өзгертуіміз керек.
Мүмкін, бұл біздің өмірімізде жасауымыз керек ең пайдалы нәрсе болар. Жай ғана проблемаларымыз бен міндеттерімізді тез шешу және өз тілектерімізді орындау үшін ойлауды өзгерту емес. Бұл міндет трансформацияның жанама әсері ретінде қосымша ғана болады.