Халықтың өмір сүру деңгейі маңызды әлеуметтік-экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Экономистер, философтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлердің әр буынының өкілдері оның мәнін жан-жақты түсіндіруге тырысты. Экономикалық әдебиеттерде халықтың өмір сүру деңгейін – өндіріс, тұтыну және өмір сүру құны тұрғысынан қарастырудың бірнеше тәсілдері бар.

Бірінші көзқараста өмір сүру деңгейі өндіргіш күштердің даму деңгейіне, қоғамдық өндірістің құрылымы мен тиімділігіне тікелей байланысты. Бұл жағдайда өмір сүру деңгейі деп өндіргіш күштер дамуының қол жеткізілген кезеңінде тұтынылатын материалдық, мәдени, тұрмыстық және әлеуметтік игіліктердің мөлшері және оларға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін айтуға болады.

Халықтың өмір сүру деңгейі қоғамдық өндірістің дамуы мен өсуінің нәтижесі болып табылады. Екінші жағынан, қазіргі жағдайда қоғамдық тұтыну деңгейі мен құрылымының қоғамдық өндірістің өсуіне әсері артып келеді, бұл экономикадағы кері байланыстардың функционалдық рөлінің жоғарылағанын көрсетеді.

Купите полную версию книги и продолжайте чтение
Купить полную книгу