Негізінде, болашақ педагогтың үрдісін меңгеру балалармен қарым-қатынас жалпы кәсіби дайындық деңгейіне байланысты. Содан соң қалыптастыруды белсендіретін педагогикалық дайындық шарттарды анықтаймыз: оқытудың формасын, әдістері мен тәсілдерін және құралдарын белсенді қолдану; болашақ тәрбиешілерді педагогикалық жүйелі көзқарасқа бағыттау балалармен өзара әрекеттесуді дербес жобалау сәтіндегі жүйе және т.б.
Болашақ тәрбиешілердің мектепке дейінгі балалармен өзара әрекеттесуге дайындықты сәтті қалыптастыруын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайларға дайындық құрылымдарын тиімді қалыптастыруды көздейтін нысандарды, әдістер мен құралдарды белсенді түрде пайдалану; студенттерді балалармен өзара іс-қимыл технологиясына арнайы оқыту; педагогикалық практика кезеңінде студенттердің балабақшадағы жұмыс орындарында педагогикалық тәжірибе бойынша әдіскер мен тәрбиеші жағынан мақсатты көшбасшылық жасау, талаптардың бірізділігін студентке жеке бағытталған әдісті жүзеге асыруды, тәрбиеші – «мектепке дейінгі баланың» теориялық дайындығының, тәжірибелік қызметімен өзара байланысын қамтамасыз ету болып табылады; болашақ тәрбиешілерді мектеп жасына дейінгі балалармен өзара әрекеттесуді дербес жобалау сәтінде педагогикалық процесті жүйелі түрде көруге бағыттау.
Баланы тәрбиелеу – оның келешек қуанышқа ие болатын болашақ жолдарын тәрбиелеу болып табылады. Тәрбиешілер баланың болашақ өміріне, тәрбиесіне жауапты басты тұлғалардың бірі болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның ең бірінші мақсаты оқу тәрбие процесінің жүйесін нақты жоспарлау, заманауи инновациялық технологияны енгізе отырып баланы дамытуда тиімді жолдарды іздестіру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жұмысына басты жауапкершілікті алатын, баланың өміріне, тәрбиесіне жауап беретін ең басты тұлға ол тәрбиеші болып табылады. Педагогикалық процестің тиімді жағы тәрбтиешінің жұмысын сапалы және жүйелі түрде атқаруынан байқалады. Сондықтан тәрбиеші мектепке дейінгі баланы тәрбиелеуде, оқытып дамытуда тәрбиеші ең алдымен өзі мәдениетті білімді, шығармашыл жан-жақты болуы тиіс. Педагог өзінің жұмысын ғылыми және теориялық жағынан өте сауатты жүргізетін болса, онда тәжірибеде жүйелі, бірізділік қалыптасады және соңында нәтижесі сапалы болады. Тәрбиеші педагогтың өмірден түйген сабақтары, алған тәжірибесі, білімі, біліктілігі, адамгершілік қасиеттері, қарапайым, мінезі едәуір өте жоғары дәрежеде болғаны дұрыс. Қандайда бір қиындық болмасын, қиындықтарға қарамай баламен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеші бір уақытта бірнеше қызметте бола алады. Тәрбиеші бала алдында әртіс, кейде психолог, керек кезде медбике де бола алады. Педагог жаңа бағытта заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырған оқу қызметті, семинар, ғылыми жұмыстарды және ертеңгіліктер мен байқауды ұйымдастырушы, соларды басқара отырып нәтижеге жетуін қамтамасыз етуші болып табылады.
Тәрбиешінің жүрегі мейірімге жылулыққа толы болатын ұлы саналы тұлға. Осы бойындағы білім, білік пен дағдыны, тәрбиені бала жүрегіне жеткізіп дарыту асыл қасиет болып саналады. Тәрбиешінің берген тәрбиесін бойына сіңдіріп қабылдаған балалар болашақ өмірде ұлы тұлға болатыны сөзсіз. [3]
Қазіргі уақытта біз өзгеріс заманында өмір сүрудеміз. Мемлекет пен қоғам өзгеріс үстінде, білім мен тәрбиеге қойылатын талаптарда өзгеруде. Әлем өте тез дамуда және өзгеруде бұл өзгерістерге үйренісу үшін педагог та сонымен бірге өзгеруі қажет.
Болашақ тәрбиеші қандай болады? «Жаңа» заман талаптарына байланысты оның бойында қандай қасиеттер болады?