кірмесе, онда қай жүзге, оның қай ру-тайпасына қарайтындықтарын анық айтып берер, қарсы қояр уәждерің қайсы демекпіз? Әлде олар жүздерге кірмейтін рулардан ба екен? Ондай да дәлелдері жоқ. Ендеше, алдымен ғылыми негізі бар дәйекті деректерді тауып алып ұсыныңыздар дейсіз. Ал ондайларыңыз болмаса, онда несіне сонша қызылкеңірдек болып босқа дауласып, таласасыздар, әлде бұл "атың шықпаса жер өрте" дегеннің кебі мен кері ме екен дегіміз келеді. Ал негізі тарақты мен тобықтының арғын екендігін не еместігін олардың өздерінен басқа кім айтып, кім шешпек? Өзге ешкімге ондай құқық берілмесе керек. Менің бабаларым арғынның тобықтысынан деп сөйлейтін ұлы Абай мен ол турасында «Абай жолы» атты өлмес туынды жазып кеткен ұлы Мұқтардан артық оны кім білмек?

Тобықтының Арғын тайпасының үлкен руы екендігі, ұраны–арғындікіндей Ақжол, таңбасы қоскөз – екендігі Тобықты" мақаласында да жазылған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1977 ж. 11 т. Тобықты. 70 б.).

Реті келіп тұрғасын айта кеткен жөн шығар, кейде Елбасы есептерінде еліміздің алдыңғы қатарлы кәсіби орындары санатында ауызға алып жүрген, сонау тоқырау жылдары қолдан-қолға өтіп, жоқ болып, жойылып кетуге шақ қалған өзім істейтін химия алыбын өз қолына алған, сөйтіп қайраңнан шығарып, аман сақтап қала алған, содан бері оны үзбей, үздік басқарып келе жатқан, Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров осы арғын халқының түлегі. Аты әлемге мәшһүр әскербасы Ескендір Зұлқарнайын кезінде жарты әлемді жаулап алса, Ескендір Зұлқарнайұлы Мұқаш өзі өндірер өніммен бүгінде бүкіл әлемді жаулап алып, елінде Ер атанып, төсіне Алтын жұлдыз тағып отыр.

Сапалы өнімдері үшін 1994 жылы Испания өнеркәсіпшілері мен бизнесмендері Ассоциасынан «Алтын Арка», 1995 жылы Данияның Копенгаген қаласында «Алтын Глобус», 1998 жылы Мексикада «Гауһар Жұлдыз» жүлделерін, ал 2007 жылы       сапа саласындағы қолжеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алған, жыл сайын өтіп тұратын түрлі Халықаралық көрмелердің алтын, күміс, қола жүлдегерлері саналып жүрген "Қазфосфат" компаниясының сары фосфоры мен одан өндірілетін өзге қосалқы өнімдерді Азия ғана емес, тіпті Еуропа да емес, Америка материгінен, тағы басқа да шалғай елдерден алушылар баршылық.

Компания филиалы болып табылатын зауыт кәсіподақ комитетін де көп жылдардан бері жұмыскерлер қамын жеп жүрген осы арғын руынан өрбитін ұлан Шахтыбай Жобалайбекұлы Байғанов басқарады.

Зауыт қабырғасы көтеріле бастаған сонау 1977 жылдан бүгінге дейін қатарымызда қажырлы еңбек етіп келе жатқан, зауыттағы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының бірден-бір лауреаты, 1983 жылдары зауыт жұмыскерлері арасынан алғаш болып "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, біраз жылдардан бері цех бастығы болып істейтін дастарқандас дос-жолдасымыз Сәлімбаев Сәкенғали да осы жұрттың өкілі. Жақсы, жақын білетіндерім жайлы ғана айтып отырмын.

Ал енді көне Дешті-Қыпшақ жерін мекендеген қыпшақтарға келер болсақ, оларды көптігіне орай "90 баулы қыпшақ" дейді. Қазақ Совет энциклопедиясынан:"Қыпшақ (Европада–кумандар, Россияда–половцы) – қазақ халқының құрамына енген ежелгі ірі тайпалардың бірі. …Араб, парсы зерттеушілері сол кезде Қ-тарға бағынған түрік тайпаларының бәрін Қ. деп есептеген. …Шежірелердің көбі Қ. руларын былай ажыратады: Қ-тан Сүлімалып, одан Көбекалып (Ақ Көбекалып), одан Мүйізді, одан Сарыабыз. Осы Сарыабыздан бес таңбалы Қ. (Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалық) өсіп-өнген… М.Мұқановтың айтуынша, Сарыабыздан Қарақыпшақ, Қытайқыпшақ, Құланқыпшақ, Торықыпшақ рулары тараған…