Ғарышқа ұшу үшін ауырлық күші əрекетінің барлық қыр-сырын білудің қажеті жоқ. Сол сияқты, өмірде де оның əсерін сезіну үшін Ұқсастық пен Тартылыс Заңының нəзік жақтарын білудің қажеті жоқ. Сіз өзіңіздің тағдырыңызды бейсаналы түрде өзіңіз жасадыңыз жəне бұйырған ортаға қарай барлығын өзіңізге тарттыңыз яғни санаға (миға) жұқтырдыңыз, тіпті егер өмір заңдылықтарынан бейхабар болсаңыз да. Осы процессті Ақиқатқа сүйене отырып қазірден бастап саналы, ерікті түрде жүзеге асыру керек, сонда тағдыр сіздің уысыңыңызға түседі, ал оған дейін өміріңіз бейсаналы түрде жүзеге асып келген еді және солай жалғаса береді, егер де ақылды іске қоспасаңыз. Бұл ережеде ерекше қиындықтар жоқ жəне егер сіздің өміріңіз сіз қалағандай болмаса, бұл жаңалық сізді қуанта алмайды. Біздің көпшілігіміз өз қолымызбен жасалған шындықта бақыт таба алмағандықтан, біз сізге мүлдем қажет емес жəне жағымсыз жағдайларды тарту қабілетінде теңдесі жоқ шеберлікке қол жеткіздік деп қорытынды жасауға болады. Сол үшін өзімізге шапалақтап қойсақ та болады. Біз өзімізге ойлағанымызды тартамыз. Егер бұл қорқыныш болса, онда біз ең қорқатын нəрсе бізбен бірге бола бастайды. Егер бұл хаос, жаман әдеттер адасу болса, онда өмір одан сайын шатастырады. Байлық пен молшылық туралы ойлар, өз кезегінде, сəттілік пен өркендеуді тартады. Сондықтан біздің өмірімізді басқаратын өзіміздің бейсанамызды түсіну өте маңызды.

«СІЗДІКІ ДҰРЫС»

Жалпы Сананың бейсаналық бөлігінің негізгі функциясы – сананың нұсқауларын қабылдау және орындау. Одан кейін растаулар (ойлар, аффирмациялар) мен бейнелерді (көрініс, визуализациялар) бекіту, яғни есте сақтау процессі жүреді. Ол іс жүзінде біз шындық деп санайтын ақпаратты ғана бекітеді, есте сақтайды. Басқаша айтқанда, «Бейсана» міндеті – сіздің ақылыңыздың əрқашан дұрыс ойлап, əрекет етіп жүргенін дəлелдеу.

Сондықтан, егер сіз өзіңіздің, бəрі болмаса да біреу бола алатыныңызға, бірдеңе жасауға немесе бірдеңеге қол жеткізуге, қабілеттеріңізге саналы, ерікті түрде сенсеңіз, онда сананың бейсаналық бөлігі бұл үшін қажетті жағдайларды жасайды жəне «Сіздікі дұрыс» екеніңізді дəлелдеу үшін қажетті адамдарды табады, жағдайды жасайды.

Ол автопилот принципі бойынша жұмыс істейді. Ұшақты қолмен басқара отырып, кез-келген бағытта ұшуға болады. Алайда, сіз автопилотты қосқаннан кейін ол бірден басқаруды өз мойнына алады жəне қай жаққа бағдарламаланған болса сол жаққа ұшады.

Бейсана қоршаған шындықты өзгертпейді. Ол жай ғана сырттан келетін ақпаратты сүзгіден өткізеді (фильтрация), іріктейді. Сіздің өзіңіз, өмір туралы сенімдеріңізді немесе ойларыңызды бекітетін, есте сақтайтын ақпаратты ерікті ақыл арқылы таңдайды. Мысалы, егер сізді бизнестегі сəтсіздіктер мазаласа немесе бизнесті одан əрі дамыту «мүмкін емес» деп санасаңыз, сіздің бейсанаңыз кез-келген іскерлік мүмкіндіктерді жояды жəне сіздің істеріңіз шыныменен «маңызды емес» екенін бекіту үшін бейсана тек проблемаларды тауып береді. Жаңа мүмкіндіктер əлемі сіз үшін жабық қалады.

Бейсана өздігінен ойлауды білмейді, өздігінен ерікті түрде ойлайтын ол – ақыл. Бейсана сіздің ең терең ішкі сенімдеріңізге сəйкес келетін нəрсені ғана тартады, бұдан басқа ештеңе емес. Бұл туралы білмеу жəне ойламау, ақиқатқа деген сенім мен үміттің жоқтығынан. Бейсана сіздің өміріңізді жақсартуға күш салмайды жəне сіз өзіңізді кейбір адамдардың немесе жағдайлардың құрбанымын деп санайсыз. Өзіңіздің əлсіздігіңізді ескере отырып, сіз өз дұға-тілектеріңізді жүзеге асыру үшін сырттан көмек күтесіз. Өзіңіздің ақыл-ойыңыздың күшімен, дұрыс, яғни байсалды жəне объективті (әділ) ойлаудың көмегімен қалаған нəрсені жасай алатындығыңызды біле отырып, сіз өзіңізге қажет нəрсені бере алатындығыңызды, қалаған нəрсеге жете алатындығыңызды, түсінесіз.