БІЛУ ЕРКІНДІК БЕРЕДІ
Қандай жағдайда болмасын, əрқашан оның шынайы сыртқы фонын, формасын, упаковкасын емес, болмысын, жаратылысын түсінуге тырысыңыз себебі сізді алдау өте оңай. Өзіңіздің қалыптасып қалған сенім жүйеңізден шығып, жоғары деңгейге (мінсіз жаратылыс деңгейіне) көтерілетін, ұмтылатын кез келді. Жаратылыс деңгейінде адам мінсіз жаратылған, бәрі адамның өзінен. Төменгі «Мен» – нен (эго) сұраңыз: «Іс жүзінде бақытты болу үшін маған не білу керек?» Егер сіз шындық пен ақиқатты қабылдауға дайын болсаңыз, міндетті түрде дұрыс жауап естисіз. Бұл жауапты өз əрекеттеріңізде басшылыққа алу – бұл дұрыс ойлаудың мəні. Бұл оң, позитивті немесе теріс, негативті көзқарас туралы емес, сіз өзіңіз болуыңыз керек. Сізге надандық пен білместіктен құтылу еркіндік сыйлайды. Егер сіз өзіңізге рұқсат етсеңіз, яғни өзіңіздің жоғарғы «Мен» – ге (Жоғары Сана) өмірдің шынайы болмысын түсінуге мүмкіндік берсеңіз, онда проблеманың бәрі жақсы шешіледі. Бұл мистика емес, тек «Себеп-салдар Заңының» нəтижесі мен көрінісі.
ТАБЫС (ШЫН РУХАНИ ПАЙДА) НЕДЕН БАСТАЛАДЫ
Ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер біздің көзімізді бір қарапайым шындыққа ашуға тырысты: біз өз шындығымызды (өзімізді, өмірімізді) өзіміз жасаймыз. Сонымен қатар, біз өмірімізде болып жатқанның бəріне – жақсы мен жаманға, қуанышқа, қайғы-мұңға, сəттілік пен сəтсіздікке толық өзіміз ғана жауап береміз. Егер біз өз проблемаларымызға қандай да бір сыртқы факторларды кінəлайтын болсақ, онда біз əрқашан өзіміздің ішкі əлемімізден тыс шешімдерді іздейміз. Бақытты сырттан басталады деп ойлаймыз. Бірақ біздің сұрақтарымызға объективті (әділ) жауап табу үшін біз өзімізге, өзгеге, өмірге, Құдайға жаңа ж/е дұрыс көзқараспен қарауымыз керек, бірақ бұл бізді өзімізбен немесе басқа көзқарастағы адамдармен конфликтіге апармауы керек. Адам тек шынайы табысқа (рухани пайдаға) ұмтылған кезде ғана өмірдің дұрыс ақиқатын көруге мəжбүр болады.
Сыртқы əлем көбінесе ішкі əлемнің көрінісі (салдары) болып табылады жəне сіз мұны түсінуіңіз керек. Миллиондаған адамдар қиын жағдайға тап болып, бұл аспектіні мүлдем ұмытып кетеді. Егер сіз сыртқы əлемнен ғана шешім іздесеңіз, ешқандай табандылық, ерік-жігер, шабыт, мотивация, проблеманы шешуге көмектеспейді.
ҰҚСАСТЫҚ ЖӘНЕ ТАРТЫЛЫС ЗАҢДЫЛЫҒЫ
Біздің өмірімізде болып жатқанның бəрі мына негізгі заңның біріне бағынады, онда былай делінген: «Ұқсас ұқсасқа». Бұл «Ұқсастық Заңдылығы». Сіздің ішкі жан-дүниеңізге сіздің сыртқы ортаңыз сəйкес болады. Сыртқы айнала (ортаңыз) қандай болса, ішіңіз де сондай болады. Сізді бала кезден қалыптастырған сол сыртқы орта болатын. Сіз ұқсастық заңдылығымен өсіп, дамыдыңыз.
Ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да (орта) сондай болады. Өзіңізге қарай, өмірден сіз не тартсаңыз (жақсылық пен жамандық, сәттілік пен сəтсіздік, байлық пен кедейлік т.б.), ол сізге қарай тартылады. Бұл «Тартылыс заңдылығы».
Əлемнің барлық заңдары сияқты, бұлар математикалық дəлдікпен жұмыс істейді. Бұл заңдар бейтарап жəне объективті, яғни біздің қалауымызға қарамастан əрекет етеді. Ұқсастық пен Тартылыс Заңының əрекеті адамның жеке қасиеттеріне, оның діни көзқарастарына, артықшылығына, кемшіліктеріне немесе кез-келген нəрсеге байланысты емес. Оған барлығы бірдей бағынады, мейлі бай бол, мейлі кедей бол. Бұл жалпы гравитация заңы сияқты нақты жəне сөзсіз. Дүниежүзілік гравитация заңы ашылғанға дейін оның бар екендігі туралы ешкім білмеді, дегенмен бəрі оның əрекеттін (əсерін) сезінді. Сол сияқты көпшілігіміз оның жұмыс істеу механизмін түсінбейміз, бірақ бəрі оған бəрібір тұтастай бағынады.