Жапырақ та жерге түсіп қуарған.
Мен отырмын түсініксіз хәлімде,
Күйге түсіп жыларман…
Кімге жетер жанайқайым іштегі,
Құлақ асар пенде бар ма сөзіме?
Бәрі өзімнің кінәм болса
…қайтейін,
Өз обалым өзіме…

17. Күз- сағыныш. Күз- сезім

Көңілімнен кетті ұшып,
Қуанышым. Неліктен?
Жүрегімді дерт қысып,
Тыныс бітіп, деміккем.
Күз күрсініп, бағымның,
Солдырды ма, ақ гүлін?
Бақытты, мәз шағымның,
Болғаны ма, жат бүгін?
Кімге еркелеп, мұңданам,
Кімдерге аян жайым шын?
Жоқ та шығар мұңды адам,
Менен өткен уайымшыл…
Ыршып түстім шошынып,
Өз ойымнан бір мезет.
Жылап алдым қосылып,
Жауынменен бірге кеп…
Жәутеңдеген қарашық,
Кімді аңсады? Білмедім.
Кейбіреудің бағы асып,
Жылады екен бірде кім?
Ойларымды растайды,
Суық самал Күз де елеп.
Жанарымнан жас тайды,
Ренішім көп сізге деп…
Ойлар мені жетектеп,
Өткеніме болдым тап.
Естеліктер өбектеп,
Елестеді солғын бақ…
Түсті есіме сол бір сәт,
Сұр көйлекті қыз кезім.
Ол бір әсем, мөлдір шақ,
Күз- сағыныш, Күз- сезім…
18. Сағыныш
Күз- сағыныш. Күз- сезім
Көңілімнен кетті ұшып,
Қуанышым. Неліктен?
Жүрегімді дерт қысып,
Тыныс бітіп, деміккем.
Күз күрсініп, бағымның,
Солдырды ма, ақ гүлін?
Бақытты, мәз шағымның,
Болғаны ма, жат бүгін?
Кімге еркелеп, мұңданам,
Кімдерге аян жайым шын?
Жоқ та шығар мұңды адам,
Менен өткен уайымшыл…
Ыршып түстім шошынып,
Өз ойымнан бір мезет.
Жылап алдым қосылып,
Жауынменен бірге кеп…
Жәутеңдеген қарашық,
Кімді аңсады? Білмедім.
Кейбіреудің бағы асып,
Жылады екен бірде кім?
Ойларымды растайды,
Суық самал Күз де елеп.
Жанарымнан жас тайды,
Ренішім көп сізге деп…
Ойлар мені жетектеп,
Өткеніме болдым тап.
Естеліктер өбектеп,
Елестеді солғын бақ…
Түсті есіме сол бір сәт,
Сұр көйлекті қыз кезім.
Ол бір әсем, мөлдір шақ,
Күз- сағыныш, Күз- сезім…
19. Мөлдір сыр

Қарашы, аға, Күз де келді сұрланған,

Жанарымнан не көресіз мұңданған?

Түнге барып ашсам ба екен сырымды,

Күнге барып айтсам ба екен нұрланған?


Ұрлап алып балдай тәтті ұйқымды,

Көңіліме бір ғажайып күй тұнды.

Қайта ғашық болсам ба екен еріксіз,

Айға ғашық болсам ба екен, сүйкімді?


Соқпағында бұл өмірдің сан қырлы,

Бірде дауыл, бірде атқан таң нұрлы.

Сізді ұнатып қалсам ба екен, не етейін,

Күзді ұнатып қалсам ба екен жаңбырлы?


Сезім шіркін, армандарға бастаған,

Сүйе де алар жүзге жеткен жаста адам.

Жүрегімді сізге ұсынып көрсем бе,

Түнегімді жарық еткен жақсы адам!?


Жапырақтай жерге түсіп қуарған,

Күйге түстім жабырқаулы, жыларман.

Қайта бастап сүрсем бе екен өмірді,

Қайда бастап барады екен бұл арман?


Қайтер едік, сезім шіркін, міз бақса,

Мұны, сірә, ойладық па, біз баста?

Сізді сүйіп қалсам ба екен ертерек,

Қызды сүйіп қалмай тұрып сіз басқа?


Ғажап екен, шын беріліп сүйсең- ай,

Сезім деген қос жүрекке енсе оңай.

Асып өтіп қамалдардан ойланбай,

Ғашық етіп алғам сізді… мен солай…


Өзгешесіз, ұқсамайсыз басқаға,

Махаббаттың жолы неткен асқақ, ә?

Жырым осы сізге арнаған ең нәзік,

Сырым осы, тек ешкімге ашпа аға!


21. Алам десең, сырқатын ал анамның!

Я, Раббым!

Жебеушісі жеті қат Көк ғаламның,

Естимісің, жалынайын саған мың.

Сенен күшті, сенен зорын көрмедім,

Тілеуін бер, қолын жайған адамның!

Сенің ғана қолдауыңнан нәр алып,

Көңілге де мың жұбаныш табармын.

Беретін де, алатын да өзіңсің,

Таға алмаспын ол жағынан саған мін.

Бес күн мынау тіршілікте мың құлап,

Сынағына тағдырдың бір таландым.

Тілеуім бар енді өзіңнен, я, Раббым,

Өзге ештеңе қажет емес маған дым.

Жалынайын, жалбарынып, жылайын,

Құдіреті күшті Аллам, бір саған,

Алам десең, сырқатын ал, анамның,

Берем десең, дауасын бер, жарамның!


Алам десең, сырқатын ал, анамның!!!


Аналар ауырмасын! Балалар жыламасын!

22. Әзіл- шыны аралас

Жасырғанмен іштегі шер- мұңымды,
Кім түсінер жағдайымды бүгінгі?
«Необычный» жыр жазайын деп едім,