ДАНИЯЛ – Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?

ТАЙЫР – Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды – мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді – ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.

ДАНИЯЛ – Қазір қалай тұжырымдалады?

ТАЙЫР – Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады…

ДАНИЯЛ – Сонда, айырмашылығы неде?

ТАЙЫР – «Ұсталмаған ұры емес» – деген мақалды білесіз бе?

ДАНИЯЛ – Әрине.

ТАЙЫР – Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.

ДАНИЯЛ – Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?

ТАЙЫР – Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.

ДАНИЯЛ – Тезірек болғаны жақсы еді…

ТАЙЫР – Әділеттілік үшін айта кету керек, эволюция тек қылмы- стық іс жүргізу саласында ғана болып жатқан жоқ. Бұл шөл даладағы оқшауланған құбылыс емес. Мұны жүйеде және оның басқа құқық сала- ларымен байланысын, мысалы, онсыз да жағдайы біршама өзгеше болып тұрған азаматтық процедурамен бірге қарастыру қажет.

ДАНИЯЛ – Жақсы ма, әлде жаман ба?

ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап қараңыз, қылмыстық процесте айғақтар ай- ыптаушы тараппен қамтамасыз етіледі, ал азаматтық процесте тараптар- дың әрқайсысы өзі сілтеме жасаған фактілер мен жағдайларды дербес дәлелдеуі керек. Азаматтық процесте, жалпы, тараптар тең құқылы. Әри- не, қылмыстық процесте олай емес. Онда процесті, әсіресе сотқа дейінгі

бөлімді, тергеуші жүргізеді. Егер де шақыру қағазы бойынша тергеуге келмесеңіз, ол сізді тұтқындауы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларына тап боласыз .

ДАНИЯЛ – Ия, мұндай жағдайда теңдіктің ізі де байқалмайды. Ал, бізде тергеу ісімен кім айналысады?

ЕКІНШІ ТОМ

«ТЕРГЕУ ДИРИЖЕРЛЕРІ»

ТАЙЫР – Қылмыстық сот жүйесінің құрылымы қарапайым емес. Тіпті оның әр тармағын алып қарасаңыз да. Университет қабырғасында марқұм профессор Қ.Х. Халықовтың бізге құқық қорғау органдары қа- лай ұйымдастырылатынын түсіндіргені, және «прокуратураның он бір қызметкері» әлі де есімде!

ДАНИЯЛ – Прокуратура да сотқа дейінгі тергеуді жүргізе ала ма?

ТАЙЫР – Шын мәнінде, олар мұнда «бас скрипкада ойнайды». Олар кез келген істі қолдарына ала алады, яғни талап етеді. Тіпті ҰҚК-ден терроризмге қатысты кез келген істі талап етіп, тергей алады. Мысалы, Кулекбаевтың ісі есіңізде ме? Бұл Алмалы аудандық ІІБ-де лаңкестік әрекет жасаған адам. Ол террорист, алайда, бұл қылмыстық істі Бас прокуратура аяқтады.

ДАНИЯЛ – Менің түсінуімше, ҰҚК-де сотқа дейінгі тергеумен ай- налысады ма?

ТАЙЫР – Әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де құқық қорғау органы, ол мемлекеттік қылмыстарға байланысты сатқындық, тыңшылық, мемлекеттік құпияларды жария ету сияқты қылмыстық істерді тергей алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Мемле- кетке қарсы қылмыстар» деген арнайы бөлім бар.