ДАНИЯЛ – «Қолөнерші» сөзін кейбіреулер ренішті сөз деп санайды.

ТАЙЫР – Бекер олай ойлайды. Қолөнерші – бұл өз ісінің қыр-сырын жақсы білетін адам, яғни кәсіпқой. Ал кәсіби шеберліктің қыр-сырын ұзақ және мұқият үйрену керек. Біз қазақстандық заңнамаға сәйкес жұ- мыс істеуге машықтанғанбыз, сондықтан, бізге басқа елде жұмыс істеу қиынға соғады, кейбір кішігірім өзгешеліктерін жіберіп алуымыз мүм- кін, нәтижесінде клиентіміз жеңіліс табады.

ДАНИЯЛ – Ал, Ресей Федерациясының аумағында біздің лицензи- ялар жарамды ма?

ТАЙЫР – Жоқ, олардың лицензиясы бізде мойындалмаған сияқты.

ДАНИЯЛ – Бәлкім, бұл біздің қазақстандық заңгерлерді, шетелдік- термен артық бәсекелестіктен босататын шығар? Мысалы, көптеген бай адамдар Мәскеу эстрада жұлдыздарын тойға шақырған сияқты, әр түрлі танымал мәскеулік заңгерлерді шақыратын еді ғой.

ТАЙЫР – Айтпақшы, олар қызмет көрсету сапасында әрдайым жеңіске жете бермейді. Менің ойымша, заңгерлік көмек көрсету кезін- де де солай болар еді. Ал, бәсекелестік туралы айта кетер болсақ, біздің «нарық» ресейлік нарыққа қарағанда жақсы қорғалған. Егер қаласа, қазақстандық заңгер Ресейде мойындалған жоғары заң білімі туралы диплом алып, Ресейде де іс жүргізе алады.

ДАНИЯЛ – Ал, бізде олай жасауға болмай ма?

ТАЙЫР – Бізде тиісті емтихандарға жіберілу үшін Қазақстан Респу- бликасының азаматы болуыңыз керек деген талап бар.

ТАРТЫС ЖАЛҒАСУДА!

ДАНИЯЛ – Жарайды, қылмыстық процестің тартыс түріне қайта оралайық. Адамды тұтқындады, оған Миранда ережесін оқыды – әрі қарай не болады?

ТАЙЫР – Егер тұтқындалған адам бәрін бірден мойындаса, онда бұлтартпау шарасы анықталады. Ал, егер ол мойындамаса, әрі қылмыс күрделі болса, онда кінәнің дәрежесі бірден анықталмайды және жалпы, кінәнің болған-болмағандығына байланысты «Үлкен қазылар алқасы» тағайындалады.

ДАНИЯЛ – Неліктен «Үлкен»?

ТАЙЫР – Себебі оның құрамында әдеттегіден көбірек қазылар алқа- сы болады. АҚШ штаттарының көпшілігінде олардың саны 23 адамға дейін барады.

ДАНИЯЛ – Олар кәсіби заңгерлер ме?

ТАЙЫР – Жоқ, қарапайым азаматтар. Оларды іріктеудің ерекше тәртібі бар, қазір оған терең үңілмей-ақ қояйын, бірақ ең маңызды кри- терийі – бұл олардың іске деген көзқарасына әсер ететін факторлардың, яғни қамауға алынған адаммен байланысы, жеке сезімдері, оған деген нәсілдік, діни немесе жыныстық сияқты алалаушылықтарының болмауы.

ДАНИЯЛ – Ал, қазылар алқасын шақырудың мақсаты қандай?

ТАЙЫР – Ол бұл істі қарауға негіз бар ма, жоқ па дегенді шешеді? Дәлелдер жеткілікті ме, әлде жетікіліксіз бе? Прокурор оларға іс жүзінде бұл адамның осы қылмысты жасағанын, істі қарауға және оған салық төлеушілердің қаражатын жұмсауға негіз бар екенін дәлелдеуі керек. Барлығы дауыс береді, және олардың шешімдерінің негізінде не процесс басталады, не адам босатылады. Қазылар алқасының шешіміне кем де- генде 12 адам дауыс беруі керек.

ДАНИЯЛ – Иә! Сондықтан да «Үлкен қазылар алқасының» құра- мында 23 адам!

ТАЙЫР – Иә, абсолютті көпшілік болуы керек.

ДАНИЯЛ – Ал, егер процесті бастауға негіз бар деп шешім қабыл- даса, онда күдікті түрмеге жіберіледі ме?

ТАЙЫР – Жоқ, бізде осы күнге дейін бұлтартпау шарасы жиі таңда- лады. Ал, англосаксон елдерінде өте аз пайызы түрмеде қалады. Көбіне олар кепілдікпен босатылады немесе төреші айыпталушыға: «Сыпай- ылық танытып, сот процесіне осындай уақытта келіңіз!» – дейді. Ешқан- дай мәселе туындамайды, әлі қылмысқа кінәлі деп табылмағандықтан қамауға алудың қажеті жоқ. Оны асырауға және қорғауға мемлекет ақ- шасын жұмсаудың, және оны отбасын асырау мүмкіндігінен айырудың да қажеті жоқ.

ДАНИЯЛ – Ал, егер кінәлі болып, сотқа дейін қашып кетсе ше?