– кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);

– еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;

– адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу);

– еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб);

– адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;

– жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) [4].

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы.

Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу болып табылады.

Кәсіби қызметке бейімделуді дамыту шарттарының басқа топтарын, көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің бейімделуге қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр. Сондықтан, жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне жағымды ықпал жасау, қолдау көрсету, дамыту іс-шараларын ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс – әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Еңбек – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері.

Адамының іс – әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Адам психикасының дамуында мамандық таңдау орын алады. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен педагог мамандар, ұстаздар мен ата – анлардың жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің тұлғаның дұрыс мамандық таңдауы. Себебі оның болашақ жемісті іс-әрекеті.


Қолданылған әдебиеттер

– Абульханова-Славская К. А. Деятельность и психология личности.-Москва.: Наука., 2010

– Ахтаева Н. С., Әбдіғаппарова А. І. Әлеуметтік психология. – А.: Қазақ университеті, 2007

– Климов Е. А. Введение в психологию труда. – Москва.: Культура и спорт: ЮНИНТИ, 1998

4. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность.– Москва.: педагогика, 1986

5. Құдайқұлов М. А. Способности умения и навыки. – Алматы., 2006

Алпысбаева Е. Ш.>1, Игиликова Г. И.>2

ПРИЧИНЫ ДЕВИАЦИИ В ПОВЕДЕНИИ УЧАЩИХСЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ

(>1Студентка 3 курса оброзовательной программы 6B01706 «Подготовка учителей русского языка и литературы»