География сабағында «Атмосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.
Тапсырма-1. Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Орта бойлы адам шамамен 15 000 см², оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.
Жауабы: А
Тапсырма-2. Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10—12%-дан артпауына алып келді. Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп, сезінеді?
А. 100% В. 51% С. 21% Жауабы: С
Тапсырма-3. Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір.
Жауабы: Ай Күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.
Тапсырма-4. Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады. Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не? Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды.
Тапсырма-5. Аспан денелерінің бірі – Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?
Жауабы: Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім.
«Гидросфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.
Тапсырма-1. Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?
Оқушылар бірнеше жауаптар беруі мүмкін. Осындай мағыналас жауаптардың қайсысы болса да қабылданады:
– Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен
– Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.
– Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.
– Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан, аяздан қорғайды.
Тапсырма-2. Неге Өлі теңізге батып кету мүмкін емес?
Жауабы: Бұл теңізде судың (дәлірек айтқанда, ерітіндінің) таңғажайып жоғары тығыздығына байланысты Архимед күшінің үлкендігі соншалық, сұйықтық адамды денеге толығымен енуіне жол бермей, адамды су бетіне итеріп жібереді.
Тапсырма-3. Сахара шөлінің солтүстік-африкалық бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірі ішінде, шамамен біздің заманымызға дейінгі 20 000 жыл бұрын толық жойылып кеткен. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Қазіргі күні оның тереңдік деңгейі біздің заманымыздың 1000 жылдағысымен бірдей.
Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай?
A. Шамамен 2 метр
B. Шамамен 15 метр
C. Шамамен 50 метр
D. Көл толықтай жойылып кеткен
Е. Бұл туралы ақпарат берілмеген
Жауабы: А
Тапсырма-4. Төмендегі суреттер арқылы қандай арал көрсетілгенін
анықтаңдар: Жауабы: Д. Тасмания
«Биосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.