ё принять во внимание то, что как и в греческом, так и в других древних языках нет буквы «ч», которые могло или выпасть (тогда будет алын, или должно перейти в «с», которое между двумя гласными читается, как «з»). Так как названия берш, черкеш одинаково встречаются на Алтае и в южно-русских степях, надо думать, чтоэто родственные племена; и у киргиз (казахов) они состоят в одной подгруппе–байулы»,дейді.

Ол бұл пікірін аталмыш мақаласында әрі қарай дамыта келіп, бүгінгі Алшын атауымен аталатын Кіші жүз руларының дені өз бастауын Алтай баурайынан алатындығына тың деректер келтіреді. Олары екіұшты ойлауға келтірмейтін, күні бүгінге дейін сақталып келген жағрафиялық топонимдерге негізделген бұлтартпас дәлелдер. Мәселен, Оба өзеніне шығысынан Шұлым, ал батысынан Том өзеншелері құятын болса, сол Шұлымға құятын саланың бірі әлімсақтан Берш деп, ал оның батысынан 40 шақырымдай жердегі көл Бершікөл деп аталады. Бұлардан 70-80 шақырымдай қашықтықтағы Том өзеніндегі кеме, қайықтардың жүзуіне қауіпті тастақты келген суасты қайраңдары Бүріш деген атпен белгілі.

Ал, жоғарыда айтпақшы, Обаға құятын Катын өзенінің оң жақ саласы қартаға Черкиш деген атаумен түсірілген. Оның солтүстігінде, 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан Ачинск қаласының тұсынан бастау алатын қос өзен Үлкен Кет және Кіші Кет деп аталады. Бұларды Кіші жүздің Әлім одағындағы кетелердің үлкен, кіші болып бөлінген жұрты мекендеген өзен алқаптары деуге болады.

Ежелден осы аталған өзен, көл алқаптарын мекендеген түркілік Қызыл деп аталатын тайпалар одағының құрамында Үлкен ачын және Кіші ачын рулары бар. Бұлардың да Кіші жүздің үлкен, кіші болып сараланған алшындары екендігі дау туғызбайды. Бұлай дейтін себебіміз, М.Тынышпаев Ачинск қаласының атауы осы рулардың атынан туындаған деген пікірді айта келіп, былай дейді: «Наименование Берш, Берчикуль, Буриш напоминают название многочисленного рода берш в составе нашего алчын; роды большой и малой ачин тоже напоминают наш алчын с пропуском буквы «л». Такие пропуски замечаются и в киргизском языке, например, говорят «ачы» вместо «алчы» (возьми), «аккель» вместо «алып кель» (принеси) и т.д… Черкеш напоминает род черкеш в составе нашего алчына. Кетьнапоминает род кететоже в составе алчын.

В указанных районах несколько раз встречается слово алтын, которые возможно переводить «золото»; но так как несколько географических названий напоминают наши роды, то и тут можно бы отождествить с алчинским родом алтын. Замечательно ещё то, что в этих местах названий, напоминающих роды Большой и Средней Орды (кроме одного аргына), совсем нет, тогда как все перечисленные названия сходы с родами одной только Малой орды». Айтқандарының бәрі көңілге қонымды, ойға сиымды. Ғалым Алтайдан қоныс аударғандар қазақтың өзге ру-тайпалары емес, арғындарды қоспағанда дені бүгінгі алшын–кіші жүз ру-тайпалары екендігін тағы баса айтып кетіп отыр.

Сондай-ақ, Тула қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан уездік Одоев және Харьков–Пенза темір жолы бойындағы уездік Бирюч қалалары, Азов теңізі мен Азов қаласының кезінде Тана деп аталуы, 14 ғасырға дейін Дон өзенінің атауы да Танаис (бұл жерде «ис» грек тілінен қосылған жалғау) болуы, теңізге Кубань өзені құятын жердегі түбектің Тамань аталуы, Киев–Полтава темір жолы бойындағы қалаға Ромодан, осы темір жолы бойындағы Сула өзенінің бір саласына Ұдай деп, ал Пенза губерниясының шекарасындағы қалаға тағы Рамадан деп ат тағылуы және басқа да осы сияқты көптеген жағрафиялық деректер Алшын руларының Ұлы қоныс аудару заманында (IV–VІI ғ.ғ.). Алтай баурайынан шығып, бүгінгі қоныс тепкен мекендеріне жол-жөнекей орыс жерін басып өтіп жеткендіктерін көрсетсе керек. Жоғарыда аталған атаулар Алшынның бүгінгі Байұлы құрамындағы