деп аталған деп хабарлайды (Шығармалар, 2 т. 848 б. М., 1963–1968 жылдар). Бұл деректер мәтінінен қазақтар қауымдастығының біз пайымдағандай ертеректе, X–XI ғасырлардан бастап-ақ жұртқа белгілі ұлыс болғандығын аңғарамыз.

Ұлыс пен оның құрамына кірген ру-тайпалар туралы зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы да төмендегідей қызғылықты деректер келтіріледі: «…оныншы ғасырдағы Византия императоры Константин Порфирородный Кубаннан шығысқа қарайғы жерлерде «Касахия» деген жұрт жатыр»; «…орыс жылнамаларындағы «касог», грек тақуасы Епифани (VIIIIX ғ.ғ.) жазбаларындағы Кавказ төңірегінде мекендейтін «касогдиане» елдері туралы мәліметтер «қазақ» атауының осы төңіректе әуелден-ақ көрініс бергенін байқатады»; «Тарих осы замандарда Қазақия құрамында қазіргі қыпшақ тектес қарашай, балқар, құмықтардың арғы бабаларының да болғанын, бәрінің қазақ атымен қауымдасқанын ортаға тартады. Олар ғана емес, кабарды, черкес атты тілі бөлек жұрттар да қазақ атымен танылған.

XIII ғасырдағы моңғол жорығы Дешті Қыпшақтың батысындағы Қазақияны да шайқап өтті. Сол аласапыран кездері өзара тектес черкес, кабарды, қарашайлар, абазиндер черкес бас болып қазақтан ірге айырған сияқты. Дегенмен, талай уақыт аралас-құралас боп келген жұрттардың этникалық қарым-қатынасының іздерін осы күндері байқауға да болады.Жазушы Әнес Сараев Байұлы құрамындағы Шеркеш руы «Қазақия қазақ, черкес боп екіге бөлінгенде» қазақтар құрамында қалған ел болуы мүмкін дегенді айтады. Қазақ шеркештерінің ұраны–«Шағырай». Ал черкестерде «чахаркас» деген ата кездеседі абазиндер арасында әлі күнге дейін шегірей руы бар»(«Кіші жүз шежіресі». «Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы. 4 наурыз). Бұл мәліметтер қазақтар құрамына кірген түркі рулары туралы ақпар бере отырып, ұлыс тарихын енді X–XI ғасырлардан асырып, VIII–IX ғасырларға жеткізіп тастайды.

Ғалым-тарихшымыз Мұхамеджан Тынышпаев та өзінің жоғарыда аталған «Қазақ руларының генологиясы» атты зерттеу еңбегінде Қара теңіз бен Каспий теңіздері аралығындағы құйқалы жерді қоныстанған, құрамында беріш, черкес жұрттары бар Қазақия ұлысы болған деген деректерін келтіреді. Мәселен ол Қытайдың VII ғасырға жататын деректемелерінде («Тан патшалығының жаңа тарихы») Арал мен Хазарлық Каспий теңізінің аралығын мекендеген жұрттың «хаса», «каспилер» деп аталғанын әңгімелейді. Бұл, көріп отырсыздар, ұлыс тарихын енді VII ғасырларға апарып тірейді.

Қазақстандық ғалым-тарихшы Е.П.Алексеева да өзінің 1971 жылы жарық көрген «Көне және ортағасырлық Қарашай-Черкес тарихы» деген еңбегінде ертеректе құрылып, өркендеген Қазақия мемлекеті жөнінде айтып кетеді. Ол оның даму, қалыптасу кезеңдерін: VI–VII ғасырларда Батыс-Түрік қағанатының осы өңірді қамтуына, IX–X ғасырларда Сыр бойындағы қаңлы бірлестігіне қарайтын бешенектердің батысындағы осы аймаққа жылжуына және XI ғасырларда бұл мекенге қыпшақтардың лек-лек болып қоныс аударуына байланысты үшке бөліп қарап, оның о бастан түркі өркениетінің төл түлегі болғандығы туралы жазады. Демек Е.П.Алексеева қазақтар тарихын енді VI ғасырлардан бастайды.

«Қазақ» сөзінің этимологиясы, яғни шығу төркіні жөнінде әңгімелегенімізде оның түркі тобына жататын Сағай, Қойбол (В. Радлов. «Опыт словаря тюркских наречий. ІІ т. І бөлім. 629 б.) және Хакас («Хак.-рус. словарь». 1953 ж. 284 б.) тілдеріндегі мағынасы «қосу, үстеу, қосымшалау» дегенді білдіретін «козак» және «хозак» сөздерімен дыбысталуы өте ұқсас екендігін айта кету керек. Ал егер тіліміздегі «бірігу, одақтасу, ұлыстасу» сияқты сөздер олардың синонимі болса, онда түрлі ру-тайпалар бірлестігінен, одағынан, ұлысынан тұратын