tolerantia – төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық – қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші». Сондықтан әрбір адам басқа адамның көзқарасы мен оның сезіміне, іс-әрекетіне көне білу керек, яғни қабылдай алу керек. Алайда өмірде ұрыс —керістердің көбісі осы қасиеттің болмауынан туындайды. Мысалыға махаббатта, жұмыста, үйде және тағы басқа адамдық қарым-қатынастар туындайтын кездерде байқалады. Қай жерде болмасын бір адам, екінші бір адамның психологиясына әсер ете алады және әсер етіп билік еткісі келеді. Көбіне экстрасенстер, тәуіптер, гипнозитер шарлотандар мен емшілерді мысалыға алсақ, олардың бір мықтылығы адамдардың психологиясына әсер ете алады, олар адамдардың сеніміне кіра алатындығы соншалық, олар өздерінің құлдарына айналдырып, қалағанын істете алады десем қателеспеймін. Олардың адамның психолиясныа әсер ете алу себебі, адамның мәселелеріне тоқтайды, аолар сол жайлы әңгімені құра отырып, оны тыңдай біледі, сол уақытта адам өзінің тығдарманын, әрі жан дүниесін түсінетін адам табылды деп ішіндегі бар мұңын шағып, ішіндегі дертін сыртқа шығарады. Осындай адамдар адамның мінез-құлқын өзгерте алады, ал өз басым адамдарды көндіре алғанымен, оның психологиясын және жалпы адамды өзгерту қиын. Сондықтан қандай болса, сондай қып қабылдаймын. Қорытындылай келсем адамды өзгерту елуде елу десе болады, ал дәлірек айтқанда адамның өзіне байланысты. Себебі жанағы экстрасенстер, тәуіптер, психотерапевтер адамдарды өздеріне қарата алады, олардың көзқарастары өзгеріп, солардың айтқанымен жүріп, көнеді. Мысалы кашпировскийді көргенімде, байқағаным адамға ол философия мен психологиядан алған білімі арқылы адамға әсер етеді екен. Ең басты кілт бқл адамның мәселесін шеше алатынына көз жеткізіп, оны түсініп және оны қолдап отырғаныңды көрсете білсең болғаны, себебі ондай адамдар үшін бұндай іс-әрекеттер маңызды. Тыңдалмаған сөз жетім деп қазақ халқы бекер айтпаған, сол адамдардың ішкі жан дүниесіндегі айтылмаған, ашылмаған сыр болады. Ал сендерге айтарым өзге адамдарды өзгертуге тырыспандар, қандай болса, соалй қабылдай біліңдер, оны жақсы жолға саламын деп ойлап, оған жол сілтесең, өзіңді кінәліп шығар. Қадыр Мырза Алиев атамыз «Арыңды күзет, барыңды күзет, өзгені сынағанша, өзіңді түзет» дегендей өздеріңнің жолдарыңмен жүріңдер, алайда өзге адамдарға жақсылық жасауды, яғни ол үшін созуды ұмытпаған жөн.
Купите полную версию книги и продолжайте чтение
Купить полную книгу