Ол не істеді:

– ипотекадағы зәулім үйін сатып, кішігірім қарапайым үй сатып алады;

– кейбір тұтынушы дағдыларынан арылып, қажетті заттарды қолжетімді супермаркеттен алып, үйін өзі жөндейді;

– отбасылық шығындарын азайтып, жұмыстан бос кездегі уақытын жанұясымен өткізеді;

– өзінің жылына 40 мыңға$ дейін табыс беретін пассивтік портфеліне өмір сүреді, ол болса табыстың үштен бірі, ал қалған үштен екі бөлігін қайта инвестицияға жолдайды.

Сізді ол тек Америкада, жалақылары қомақты елдерде, бізде жылына 100 мың$ табу қайдан болсын деген ойлар торлай бастар. Ал негізінде бәрі әлдеқайда оңай екенін айтқым келеді.

1.5.4 Нағыз бай адамның әңгімесі

Бай болу үшін көп ақша табу керек емес. Сіз ақшаны көп табу орнына аз жұмсаңыз. Мысалы, мен кеңес берген адамым 49 жаста, слесарь болып жұмыс істейді, айына 300$ дей табысы бар, оның 150$ жұмсап, қалған 150$ жылына 10% беретін инвестицияға салады. Есептегенде он жылда 31мың $ жинақтай алады екен, оның жылына 3100$, айына 258$ тауып, жұмысқа жұмсалатын шығындардан арылып, жұмыс жасамай-ақ жай-барақат өмір сүре алады екен. Әрине, ол миллионер бола алмайды, дегенмен Қазақстан, Ресей, Украинада немесе басқа да ТМД елдерде тұрып жатқандарға зейнетке уайымсыз шыға беруге болады. Бұл деген біз бен сіздің азаматтылығымыздың жақсы жақтары.

1.6 Кездейсоқ табылған табыс

Бұл сізге біреу ақша сыйласа. Менің бір танысымның әйелінің ұлты – кәріс. Кәріс ұлтында бала дүниеге келгенде думандап той жасайтын дәстүр бар. Сөйтіп менің досыма сыйға 10 мың$ тартыпты. Ол ақшаны инвестицияға құяды. Бұл кездейсоқ табылған табыс болады. Сондықтан ондай ақшаға көлік, үйге жөндеу жасамай – инвестицияға салыңыз.

Бір досым әрбір үй иесінің басынан өтетін таныс тағылымды оқиғаны айтып берді. Оның машинасының құны нарықта сатып алған бағасынан жоғары екен. Ол машинасын сатып, өзіне тура сондай машинаны төмен бағамен сатып алғысы келеді. Ал қалған ақшаны үнемдеп қоюға бел буады. Алайда машина іздеу айларға созылып кетеді. Ол болса өзіне ештеңеден бас тартпай, қымбат жерлерде демалады. Ақша әйелінің қымбат телефонына, мамасының үйін жөндеуге жұмсалып кетеді. Сөйтіп, оқиғаның немен біткенін өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар. Ең соңында машинаны несиеге алуға тура келеді.

Бұдан алған сабағыңыз: кездейсоқ табылған табысты инвестицияға сал. Өзіңді сенде ондай ақша болмағандай ұста.

1.7 Үлкен сома

Адам қандай жағдайда бай бола алады? Оның табысы шығыннан асып тұрғанда. Мен үнемі: «100 миллион долларым болса маған ештеңе де керек емес еді» деген сөздерді көп естимін. Шынайына келсек, ол адамдар сол ақшаны неге жұмсайтынын да білмейді. «Хортица» атты арақ-шарап шығаратын Черняк атты украин олигархы бір сөзінде мотивация туралы айтады. «Ештеңеңіз жоқ кезде – ерте тұрып, жұмысқа бару мотивациясы оңай боп келеді. Ал бәрі бар кезде: машина, мүлік, жинаған ақшаң, бизнесің болғанда-қиынырақ. Бір миллион таптыңыз ба-керемет! Ендігі мақсатыңыз- 10 миллион табу. Содан кейін Forbes бетінде болғыңыз келер- боласыз. Forbes бетінде тұрған адамның мотивациясы қандай болу керек? Күрделі сұрақ.» Сол кезде залдан біреу:

– Черняк, тыңдашы! Ал егер менде болса…

Әңгіме оның табысының мол болғаны соншама, неге жұмсарын білмейді туралы еді. Сол кезде бір жас жігіт орнынан тұрып:

– Жоқ. Ақшаны жұмсау оңай ғой! – дейді

– Ал, жарайды- деп жауап береді Черняк.-Сенде 100 миллион доллар бар делік. Неге жұмсамақсың? Инвестициядан басқа нәрсе болу керек.

– Нью-Йорктан үй сатып аламын…

– Жарайды, сатып алдың делік…

– Ой, үй емес, пәтер.

– Нью-Йорк қаласында жақсы бір пәтер алдың делік. Құны 5 немесе 10 миллион доллар болсын… Тағы да?