СӘТТІЛІККЕ АПАРАР ЖОЛДЫҢ БАСЫ
Адамның ең үлкен күші оның ойларын басқара алатындығында жатыр. Ойланбайтын ақыл байлық, сəттілік пен денсаулыққа емес, ауруға, кедейлікке, қиындыққа бейім болады. Егер біз өз өмірімізді ақиқат қалағандай жасамасақ, бұл бізді бейсана басқарады дегенді білдіреді. Бірақ болмыс ақыл арқылы анықталғандықтан, біздің басты міндетіміз, өзін-өзі танудың мүмкіндігінше жоғары деңгейіне жету. Бұл Құдайдың адамды жаратқандағы мəнісінің бірі. Мұны істеу үшін сіз өзіңіздің өміріңізді объективті (әділ) бағалап, құндылықтар мен сенім жүйесін қайта қарауыңыз керек, тіпті егер бұл біздің өзімшілдігімізге (эго) қайшы келсе де. Шындықтың қандай да бір аспектісін өзгерту үшін біз ойларымыз бен қалауымыз арасындағы барлық қате сенім мен түсініктен арылуымыз керек. Тереңдікте сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты білесіз жəне егер сіз өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдасаңыз, ол сізге бəрін айтады. Ақыл опасыздық жасай алады, бірақ жүрек ешқашан жасамауы керек. Ол сізді шексіз əмбебап күшпен (Жаратушы) байланыстырады, сондықтан оған сенуді үйреніңіз. Бейсаға сенемін деп бәрін жоғалтып алмаңыз. Өзіңіз жайлы қорытынды жасау бұл бірінші мақсат.
Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дəл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл Эгоизмнің да даусы болуы мүмкін.
Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды жəне бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің əрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз – жəне ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.
2. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық
Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (контроль) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық əрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз жəне тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім жəне ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз əрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сəйкес əрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.
Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам жəне т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нəтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды жəне «өзіңіз туралы ой-пікір» – «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мəжбүр етеді. Біздің əрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен…» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз жəне ол соңғы өлім сəтіне дейін маңызды. Тек шын мəнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).
Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сəйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмəн келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай əрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.