ДАНИЯЛ – Иә, әрине, осыдан мынадай сұрақ туындайды – жәбірле- нушілер өздеріне келтірілген зиян мөлшерін асыра бағалайтын жағдай- лар болып жата ма?
ТАЙЫР – Менің тәжірибемде жәбірленуші деп саналған адам, шын мәнінде, өзі ұры болып шыққан жағдай да болды. Өкінішке орай, тергеу біраз уақыт бойы соның жетегінде жүрді. Сондықтан, жәбірленушілердің мұндай әрекеттері тек комедияда ғана бола бермейді. Алайда, бұл жерде егер қылмыскер ұсталса және ұрланған мүлік табылса, кейінірек, қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін, мүліктердің жәбірленушіге қайтары- латындығын ескеру қажет. Фильмге оралатын болсақ, егер үшеу емес, шынында, бір күрте ұрланған болса, онда біреуі ғана табылатынын айта кету керек.
ДАНИЯЛ – Ал, егер қылмыскер тағы басқа біреулердің күртелерін ұрлаған болса ше?
ТАЙЫР – Дәл осы үшін жәбірленушінің мәлімдемесі бірден «алына- ды», онда ол өзінің заттарының түрі мен өндірушісі сияқты жеке сипат- тамаларын немесе, қазіргі кездегідей, маркасын, мөлшерін, материалын, тозу дәрежесін, сатып алынған жылын көрсету керек. Мүмкіндігінше қандай-да бір құрал-жабдыққа, мысалы, компьютерге және басқа да тех- никалық жабдықтарға құжаттама ұсыну маңызды.
ДАНИЯЛ – Сондықтан да, кейіннен оларды тауып, тану оңайға түседі!
ТАЙЫР – Содан кейін тергеуші арызданушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарады. Егер мүліктік зиян келтірілсе, және, әдетте, осындай қылмы- стардың нәтижесінде мүліктік зиян сөзсіз келтірілсе, онда талап арыз да осы жәбірленушіден «алынады». Ол қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, жәбірленуші азаматтық талап қоюшы болып танылады. Осы сәттен бастап ол жәбірленуші екендігімен қатар тағы бір азаматтық мәртебеге ие болады. Ол енді сонымен бірге азаматтық талап қоюшы! Егер қылмыскерден ұрланған зат тәркіленсе, жәбірленуші сәйкестендіру үшін шақырылады. Оған заттарды тану ұсынылады…
ДАНИЯЛ – Сонда ол: «Ия, бұл менің ноутбугым, оны менен осын- дай күні ұрлап кетті!» – деп мәлімдейді.
ТАЙЫР – Шамамен солай. Ал егер жәбірленуші өзінің заттарын танып жатса, онда олар қауіпсіздік туралы түбіртекке қол қойғызылып, қайтарылады немесе сот заттай дәлелдемелер бойынша кейіннен шешім қабылдауы үшін қылмыстық іс материалдарында қалдырылады.
ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленушінің сөзіне ешкім бірден сенбейді ме?
ТАЙЫР – Осы санаттағы істер бойынша сотта қылмыстық іспен бірге азаматтық талап қоса қаралады. Сот үкім шығарумен бірге талапты қанағаттандыру немесе қараусыз, не қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдайды .
ДАНИЯЛ – Яғни, тіпті кинематографиялық алаяқ Джордж Милославский ұсталса, тіс дәрігері Шпак оның мойнына қосымша күртелер мен магнитофондарды «іліп қоюы» мүмкін емес пе?..
ТАЙЫР – Бәрі де мүмкін… Алайда, ол өзі заң бұзушы қатарына қосылуы мүмкін, сондықтан жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалдың мөлшерін асыра бағалау алдында жүз рет ойлануы керек.
ДАНИЯЛ – Егер мүлік сақтандырылса және бүлінсе ше? Немесе ол мүлдем ұрланбаған, бірақ жәбірленуші оны ұрланды деп қоса айтса ше?
ТАЙЫР – Егер бұл жағдайда сақтандыру компаниялары «араласса», онда Шпакқа мүмкін, мүлдем ештеңе болмайды. Олар «күртелер мен магнитофондар» сияқты, тіпті одан да құнды заттарды төлеуге мүдделі емес.
БЕЛГІСІЗДІ ТАБУ
ТАЙЫР – Қылмыскерлерді анықтау әдістеріне қайта оралайық. Күәгерлер жайлы айтып өттім, егер, әрине, олар болып жатса. Олардан жауап алынуы керек, сонымен бірге мүмкіндігінше дәлірек айғақтар. Айталық, біреу қылмыс болған кіреберістің жанында бір топ жастарды көрді. Олар сөмкелерімен шығып, мынандай түсті көлікке мінді делік. Егер, күәгерлер көліктің нөмірін естерінде сақтап қалса тіпті жақсы.